• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2023

Семей кәсіпкерлеріне жылуға қосылудан заңсыз бас тартылған

227 рет
көрсетілді

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері «жылу берушілер» тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бизнесмендердің өтініштерін зерделеу барысында «Теплокоммунэнерго» МКК екі жыл бойы құрылыс объектілерін қаланы жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқаны анықталды. Бас тартуға қалалық жылу желісінің өткізу қабілетінің болмауы деген себеп болған», делінген хабарламада.

Бұл ретте, материалдарды зерделеу барысында «Теплокоммунэнерго» кейінірек жүгінген басқа кәсіпкерлерге жылуға қосылуға рұқсат бергені анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпорын басшылығымен және өтініш білдірген кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді. Екі күннен кейін Теплокоммунэнерго дәріханаға және азық-түлік дүкеніне жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар берді.