Румынияда хоккейден өткен әлем чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасы 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен чемпионаттың В тобындағы екінші дивизионда өнер көрсетті. Олар өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарын жеңді.
Кейінгі ойында Исландиямен бірінші орын үшін бақ сынады. Қорытынды ойын кестесі бойынша Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды.
Енді олар екінші дивизионның А тобында сынға түседі.