• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Технология 02 Ақпан, 2023

Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі

314 рет
көрсетілді

Digital Almaty халықаралық форумында сөз алған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Цифрлық трансформация мәселелерінің өзектілігін асыра бағалау мүмкін еместігін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі форум  көз алдымызда болып жатқан сол тектоникалық өзгерістердің кең ауқымын көрсетеді. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы, роботтандыру, киберқауіпсіздік, қарулы күштерді цифрландыру, білім беру жүйелері, қалалық ұтқырлық және смарт қала тұжырымдамалары екі күн бойы цифрлы Алматыда талқыланатын тақырыптардың бір парасы ғана», деп атап өтті Алматы әкімі.

Әкім айтып өткендей, цифрлы трансформация мәселелерінің өзектілігін асыра бағалау мүмкін емес. Әлем жылдам өзгеріп жатыр және кеңінен таралған цифрландыру осы прогрестің негізгі қозғалтқыштарының бірі болып табылады.

Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Бүгінде қалада мемлекеттік қызметтердің 96 пайызы цифрлы форматта көрсетіледі. 

Өткен жылдың шілде айында Алматы әлемдегі жетекші ThoughtLab зерттеу компаниясының (Нью-Йорк) бағалауы бойынша цифрлық даму стратегияларының дайындығы бойынша алғаш рет Азиядағы үздік қалалардың бестігіне енді.

Өткен жылдың қыркүйегінде Алматы қаласы «Алматы деректер көлі – Бірыңғай деректерді сақтау» жобасымен IEEE Smart Cities Awards халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисті болды.

Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі – «Алматы – Smart City» құру. Биылғы жылдың күзіне қарай Сингапур мен Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарланып отыр.

«Алматыны одан әрі дамытудың маңызды жобалары қаланы басқаруды жетілдіретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың Бірыңғай деректер қоймасы, Бірыңғай геоаналитикалық платформа. Бірыңғай бейнебақылау жүйесі биыл Алматы қаласының 80 пайызын қамтиды. Бұл цифрландыру үшін цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық ортаны құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,  деп сөзін түйіндеді Е. Досаев.