• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Ақпан, 2023

Филиппинде 6,1 балдық жер сілкінісі болды

332 рет
көрсетілді

Филиппиннің оңтүстік-батысында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Филиппиннің вулканология және жер сілкінісі институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Давао-де-Оро қаласынан 14 шақырым жерде, ошағы 11 шақырым тереңдікте болған.

Техтоникалық процестердің әсерінен болуы мүмкін жер сілкінісін қала тұрғындары сезінген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.