• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Ақпараттар ағыны

194 рет
көрсетілді

● 2015 жылы азаматтық қызметшілерге жаңа жүйе бойынша еңбекақы төлеу­ге қосымша 139,5 млрд. тең­ге қажет. Келесі жылдың шіл­де­сінен енгізілетін азаматтық қызметшілерге еңбекақы тө­леу жүйесінің жаңа үлгісі осы­ны талап етеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің оты­рысында Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нис­трлігінің жауапты хатшы­сы Аида Құрманғалиева мәлімдеді. ● Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне 283 млн. еуро жұм­сайды. Осыны жеткізген «Ас­тана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ер­мегияев операциялық шығын­дарға жұмсалғалы отыр­ған бұл қаржының толық қай­та­рылатынын атап өтті. ● Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша кезекке тұрғандар 5424 адамға жетті. Астана қа­ла­лық әкімдігінің баспасөз қыз­меті ­хабарлағандай, бұл 2-14 маусым аралығында өткен ресми құжат қабылдау қоры­тын­дысында белгілі болды. ● Алматыда екі жаңа мет­рос­тансаның негізгі жұмыс­тары атқарылып болды. «Сайран» және «Мәс­кеу» деп аталатын бұл жерас­ты бекеттеріндегі негізгі темір-бе­тон­дық құрылыстарын салу жұ­мыстары толық аяқталып, енді олардағы қазаншұңқырлардың бетін қайта көму жұмыстары басталды. ● Петропавлда студенттер Назарбаев зияткерлік мектебін салуға көмектеседі. М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситеті мен Петропавл колледждерінің 100 студенті химия-биология бағытындағы білім ордасының  құрылысына белсене қатысады. Ол 720 орын­ға, ал жатын корпусы 210 ке­реуетке есептелген. Құрылыс мерзімі тығыз – нысан жаңа оқу жылының басталуына пай­далануға берілуі тиіс. ● Өскеменде Ресей мен Қазақстанның халықаралық «Көксерке күні» фестивалі өтеді. Биыл 11-ші рет қанат жайғалы отырған шараға  «Ресей мәдениет қызметкерлері шы­ғар­машылық одағы» қоғам­дық бірлестігінің Алтай өлкелік бөлімшесі бастамашы болды. Мереке Еуразия кеңістігіндегі ежелгі сауда жолдарының дәс­түрлерін жаңғыртып, екі елдің тату көршілік қатынастарын нығайта түспек. ● Оңтүстік Қазақстандағы Машат шатқалында «Оты­рар» демалыс лагері ашыл­ды. Бұрын жекенің менші­гінде болған Түлкібас ауда­нын­дағы бұл ны санды Отырар ауданының әкімдігі ком­му­налдық меншікке алып, жөн­деуден өткізген. Сол лагерь кеше алғашқы 140 баланы қабылдады. «ҚазАқпарат», kaztrk.kz, 24 KZ, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктері, Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктері сайттарының деректері бойынша дайындалды.