Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынып, ол 1 ақпанда пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, «Ақтөбе ӘКК» АҚ бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында 196 млн теңге қайтарылған, оның 150 млн теңгесі мектеп құрылысына бөлінді.