• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Ақпан, 2023

ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды

239 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО аясында логистикалық компанияларға қажетті барлық нысандарды электронды форматқа көшіруді ұсынды. Бұл туралы ол Digital Almaty форумының пленарлық отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту және тарату үшін барлық жағдайды жасау қажет. Атап айтқанда, логистикалық компанияларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстанда электронды көлік құжаттарына көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тауар айналымының ашықтығы, ең бастысы, бизнеске өз шығындарын оңтайландыруға да ықпал етеді», деді Әлихан Смайылов.

Қазақстан Премьер-министрі ЕАЭО елдерінің өзара сауда саласындағы электронды өзара іс-қимылы да өзекті мәселе болып қала беретінін қоса айтты.

«Осы және басқа да мәселелер цифрландыру саласындағы бірлескен жұмысымыздың маңызды бағыттары болып саналады. Цифрлық күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарды жүзеге асыру ашық және тең құқылы ынтымақтастыққа, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне өтуге ықпал етеді», деп қосты Ә.Смайылов.