• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Елбасы қабылдады

165 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті ми­нис­трліктің басымдығы бар міндеттері қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы Күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, әскердің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін жүзеге асыру екендігін атап өтті. С.Ахметов Мемлекет басшы­сына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы Күштерді жоғары жау­ынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады. Қорғаныс министрі армияны әрі қарай кәсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жаб­дық­тау, қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары туралы да айтты. Сонымен қатар, С.Ахметов Президентті таяуда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары жөнінен хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қо­ры­тындысы бойынша бірқатар нақ­ты тапсырмалар берді.