Ливан астанасы Бейрутта суда жүзіп жүретін әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» аранасына сілтеме жасап.
Кітапхананың қорында 5 мыңға жуық кітап бар. 2009 жылы неміс белсенділері жасақтаған бұл кеме 150 елдің 480-нен астам теңіз айлағында болған.
Содан бері 49 миллион библиография жинақталған екен. Игі іске 70 ұлттан 350 ерікті қатысқан.
Жобаның басты мақсаты - азаматтық соғыстан, саяси қақтығыстан көз ашпаған Ливан халқы арасында бейбітшілік қағидаттарын насихаттау.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ