Франция үкіметі Ұлттық Ассамблеяға миграцияға қатысты жаңа заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Енді шетел азаматтары Францияда тұрақтап қалғысы келсе міндетті түрде француз тілін меңгеру керек. Сонымен қатар мемлекеттің гендерлік теңдік, діни сенім бостандығы сынды құндылықтарға құрметпен қарау міндеттеліп отыр.
Айта кетсек, Франция үкіметі бұл мәселені босқындардың көптеп келуіне байланысты көтеріп отыр. Өткен жылдың өзінде олардың саны 60 пайызға жеткен.