Осыған дейін ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларының қатысуымен өткен «Цифрлы Алматы» пленарлық отырысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян армян сегментінде «ЕАЭО-дағы жұмыс» қосымшасы іске қосылғанын хабарлаған едік.
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерді Армения Республикасынан үлгі алуға және «ЕАЭО-дағы жұмыс» жаңа қосымшасына қосылуға шақырды.
Михаил Мишустин өз ұсынысын ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен өткен пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Қосымшада жүздеген мың бос орындар туралы ақпарат жинақталған ресейлік деректер базасы бар. Күні кеше ғана бұл қызметке Армения да қосылды. Басқа серіктестер де қатысады деп үміттенеміз», деді Михаил Мишустин.
М.Мишустиннің айтуынша, жаңа мобильді қосымша біріктірілген ұлттық сегменттері бар ортақ платформалық шешім принципіне негізделіп әзірленген.