• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Ақпан, 2023

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

214 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республиканың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.

Еліміздің батысында түнде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Ауа температурасы -7-18°С, күндіз -3-8°С.

Республиканың солтүстік жартысында, орталықта және шығыста температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде -15-26°С, күндіз -5-13°С.

Оңтүстік облыстарда ауа температурасы күндіз +2+10°С.