• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2023

«Қазақстан халқына» қоры 15,5 млрд теңгеге қымбат дәрі-дәрмек сатып алды

438 рет
көрсетілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және орфандық сырқаты бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. Өткен жылдан бері Қор ауыр, сирек (орфандық) өмірге қауіп төндіретін және созылмалы дерті бар 131 науқасқа (оның ішінде 100-і бала) 15,5 млрд теңгеден астам сомаға дәрі сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде онкологиялық ауруы бар 24 адам жалпы сомасы 2 млрд 271 млн теңгеге «Китруда», «Лорбрена», «Алунбриг», «Рибоциклиб», «Атезолизумаб», «Ленвима», «Кискали», «Карзиба» препараттарымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ «Коселуго» дәрісі бойынша шарт жасалып, 3 балаға жеткізіледі деп жоспарланған.

Мысалы, 2 млрд теңгеге нейробластома диагнозы қойылған 13 балаға «Динутуксимаб бета» («Карзиба») дәрісі алынды. Оның ішінде өңірлерден 9 бала Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында (ПБХҒО) және Астана қаласында «University Medical Center» корпоративтік қорының онкология бөлімінде 4 бала таргеттік иммунотерапия алады.