• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Ақпан, 2023

Түркістанда Орталық Азия елдерінің алғашқы парламентаралық форумы өтеді

335 рет
көрсетілді

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2023 жылдың 9-10 ақпаны аралығында Түркістан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді. Іс-шара Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өткен жылдың шілдесінде Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен төртінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өткізіледі», деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол алдағы Парламентаралық форумға Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттарының қатысуы жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Аталған парламентаралық форумды өткізу Орталық Азия елдерінің заңнамалық органдары желісі бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қосымша платформа құру процесін бастауға мүмкіндік береді. Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясын қабылдау жоспарланып отыр», деді Айбек Смадияров.