• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Ақпан, 2023

Қазақстанның Қытаймен шекарасында жер сілкінді

Қазақстанның Қытаймен шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2, MPV магнитудасы - 4,7. Сілкініс ошағының тереңдігі - 15 шақырым.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Соңғы жаңалықтар