• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Ақпан, 2023

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

262 рет
көрсетілді

Ертең, 8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі, жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік-батыста - көктайғақ, күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші қар жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -15...-17°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейде тұман түседі. 0-5 м/с екпінімен жел соғуы ықтимал. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +3...+5°С болады деп күтіледі.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +12...+14°С.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, Алматыға көктем ерте түсуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар