• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2023

Қар үстіндегі қарсақ

774 рет
көрсетілді

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұңғыш рет қарсақ фототұзаққа түсті. Қарсақ болғанда да, аппақ. Жүндері үлпілдеп тұр. Белден асып келіп, бейнекамераның дәл алдына шоқиып отыра қалысқан. Бір қарасаң, қасқыр ма дерсің. Бірақ бұлар – түлкі туысына жататын жыртқыш.

Жыртқыш болғанымен, ірі жа­нуарларға тістері бата қоймайды. Тасбақа, жылан, кесіртке, тышқан секілді ұсақ жануарларды қорек етеді. Кейде ауыл ішіндегі тауық қораға да түседі. Өздері де аса ірі емес. Дене тұрқы – 40-60 см ғана. Құйрығының ұзындығы – 25-30 см. Түлкіден айырмашылығы – құ­лағы ақ, тұмсығы сүйір болып келеді. Бір қызығы, парк аума­­ғында фотоға түскен қос қар­сақ та ақшыл. Жылына екі рет тү­лей­­тінін ескерсек, көктемде қо­­ңыр­­қай, қысқа қарай жүні ақ­шыл тартатын шығар. Көбінесе шө­лейтті жазықты мекен етеді. Бұта-қараған, жыңғыл түбінен бес-алты метр ін қазып, соны па­на­­­лайды. Борсық, суырдың інін де пай­­даланып кетеді. Қарсақ тез кө­бей­­генімен, өмір сүруі тым кел­те. Табиғи жағдайда әрі кетсе бес-алты жыл ғана өмір сүреді. Жы­­лына бір рет күшіктейді. Бір кү­­шік­­тегенде алты күшікке дейін туады.

Тарбағатай мемлекеттік ұлт­тық табиғи паркі құрылғалы бірінші рет фотоға түскенін ескерсек, жор­­­тып жүрген қарсақ көп емес. Қа­­зіргі уақытта санақ жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Көктемде жалпы аң санының мөлшері белгі­лі болады. Айта кетерлігі, ұлттық парктің аумағында қарсақты заң­сыз аула­ған жағдайда 5 айлық есеп­тік көр­­­сеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 17 250 теңге айыппұл салы­­нып, жауапкершілікке тартылады. Парк­­­тің қарсағына дейін қорғалады.

 

Абай облысы,

Үржар ауданы