• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2023

Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады

214 рет
көрсетілді

Батыс Австралиядағы Фицджеральд Ривер ұлттық саябағында Coulson Group компаниясына тиесілі Boeing 737 Fireliner ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға түнгі уақытта ұшақ орман өртін сөндіру үшін көтерілген сәтте болған. 

Апат кезінде ұшақ бортында екі ұшқыш болған. Жергілікті жедел жәрдем қызметі өкілінің айтуынша, олар ауыр жарақат алмаған. 

Бұрынғы ұшқыш және авиация сарапшысы Кит Тонкин ұшақ апатын «ерекше оқиға» деп атады. Ол мұндай жағдайдың өте сирек болатынын айтқан. 

«Бұл орман өртімен күресу кезінде құлаған Coulson Group компаниясының алғашқы ұшағы емес. Бір-екі жыл бұрын Жаңа Оңтүстік Уэльсте сол компанияның Hercules ұшағы апатқа ұшыраған. Бірақ Boeing 737 Fireliner ұшағы әдетте Австралияда өрт сөндіру үшін пайдаланылмайды. Елде болғанына бір-екі жыл болды және ешбір оқиғасыз сәтті жұмыс істеп келген еді. Сонысымен де бұл өте ерекше жағдайға теңеліп отыр», деді Кит Тонкин.