• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2023

Мұхтар Тілеуберді Түркияның Қазақстандағы елшілігіне барды

238 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді министрліктің және жеке өзінің атынан түрік халқына қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

«Түркияда болған ірі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына орай орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтамын! Алла Тағаладан қаза тапқандардың жандары жаннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін», деп жазды сыртқы саяси ведомствоның басшысы.