АСТАНА. 18 маусым. Еуразиялық экономикалық одаққа Арменияның кіруі жөніндегі құжат 1 шілдеге дейін әзірленеді. Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарян осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Ш.Кочарянның айтуынша, аталған шарт 1 шілдеге дейін қол қоюға ұсынылады. Осыған қатысты мәлімдемелер көптеген жерлерде, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында да жарияланған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: BNews.kz.
Фото: i-news.kz.