АСТАНА. 18 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ шағын және орта бизнес өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге ықпал етеді. Петропавлдық «Фрегат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асқар Қапезов осылай деді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Асқар Қапезов: «Еуразиялық экономикалық одақ шағын және орта бизнес нарығын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін туғызады, сондықтан өз өнімдерін сатуға мүдделі субъектілер жаңа жұмыс формаларын іздейтін болады. Себебі олар танымал фирмалармен бәсекелеседі», – деді.
1996 жылы ашылған «Фрегат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шұжық өнімдерін өндірумен шұғылданады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: BNews.kz.
Фото: aikyn.kz.