• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2023

Рудныйда бірқатар үй тағы жылусыз қалды

206 рет
көрсетілді

Рудныйда құбыр жарылып, 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке үй жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлер Рудныйдағы Паркова көшесін су басқанын хабарлады. 

«Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленинге дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесінің бойындағы жылу трассасының учаскесі жабылды. 24 тұрғын үй мен 59 жеке үйде, сонымен қатар 17 заңды нысанда жылу желісі үзілді», деп хабарлады облыстың баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, Рудныйда дәл осындай оқиға 26 қаңтарда болған. 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылудан ажыратылған еді.

6 ақпанда қалада жергілікті ауқымда техногендік төтенше жағдай жарияланды.