• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Ақпан, 2023

«Qazcontent» АҚ төрағасы тағайындалды

586 рет
көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен Жүсіпов Бекзат Бақбергенұлы «Qazcontent» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүсіпов Бекзат Бақбергенұлы «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек өтілі:

2022 – 2023 Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2021 – 2022 Президент Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары;

2019 – 2021 «Qazaqstan» РТРК» АҚ МОФ «Mangystau» телеарнасының директоры (Ақтау қаласы);

2013 – 2016 Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы;

2012 – 2013 «Хабар» телеарнасы (Астана қаласы) Ақпараттық-сараптама дирекциясы, бөлім продюсері, редактор-жүргізуші;

2009 - 2012 «КТК» телеарнасы (Алматы, Астана қалалары) Жаңалықтар қызметінің редакторы;

2008 - 2009 «Алматы» телеарнасы (Алматы қаласы) Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы, редактор-жүргізуші;

2007 - 2008 «Қазақстан РТРК» АҚ МОФ (Ақтау қаласы) Жаңалықтар қызметі, редактор-жүргізуші;

2006 - 2007 «West» радиостанциясы (Ақтау қаласы) Жаңалықтар қызметі, редактор-жүргізуші.