• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Ақпан, 2023

Қазақстанда Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр

342 рет
көрсетілді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қазақстандағы түрмелерде Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі таңда Қазақстандағы бас бостандығынан айыру мекемелерінде Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр. Ал Өзбекстанда Қазақстанның 20 азаматы түрмеде отыр. Көп жағдайда өзге елде жазасын өтеп жатқандар тілді, жергілікті әдет-ғұрыпты білмейді. Адамдармен қарым-қатынас олардың басқа ортада болуына байланысты қиындайды. Туған-туыс, дос-жараннан алыс болғандықтан, мұндай адамның қоғамға бейімделуі қиын. Отбасымен тілдесу, жақындарымен кездесу сотталған адамға оң әсер ететіні сөзсіз», деді Әсет Шындалиев Сенаттың жалпы отырысында.

Бұған дейін Парламент Сенаты Өзбекстанмен сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялағаны хабарланған еді.