Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның хабарлауынша, жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 14 мыңнан асты, деп жазады Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта құрбан болғандар саны 14 014-ке жетті, тағы 63 794 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Сондай-ақ 6 444 ғимарат қираған», деді Режеп Тайып Ердоған.
Қазіргі таңда Түркия президенті Газиантеп қаласында жүр.
Ол апат орындарында модульдік қалашықтар салуды тапсырды, ол үшін кейбір құрылымдар шетелден жеткізіліп, апатты аймақтардағы 10 провинцияға бөлінеді.