• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Ақпан, 2023

Ардагер спортшыға – Президент алғысы

347 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде тұратын 73 жастағы спорт­шыға Президенттің Алғыс хаты, сыйлыққа сағат және Бу­рабай демалыс үйіне жол­дама табысталды.

– Мен айтарға сөз таппай тұрмын. Шынымды айтсам, Пре­зиденттің қарапайым адамдарды бақылап, назарынан тыс қал­дырмайтынына таң­ғал­дым. Менің ұзақ жылғы ең­бе­гімнің еске­ріл­ге­ніне қатты қуан­дым, – дейді ақ­сақал.

Ақадырды ұзақ жыл мекен еткен Оспановтар әулеті өңірге етене таныс. Бұл отбасы мүшелері халықаралық аренада 31 рет же­ңіске жеткен. 18 рет Әнұран әуеледі.

Қазақстанның бірнеше дүр­­кін чемпионы, пауэрлифтинг­тен Азия мен әлемнің екі дүркін чемпионы, Еңбек сіңірген жат­тықтырушы Дәрі­бай Оспанов 1949 жылы темір­жолшылар отбасында дү­ниеге келген. Ол ғұмырын темір­жолға арнаса да, спортты жанына серік еткен. Ал кейінгі 18 жыл пауэрлифтингке ден қо­йыпты. Ол алғаш 2010 жылы Филиппиндегі Азия чемпио­натында салмағы 140 кг штанганы көтеріп, жеңіске жетіпті.

Дәрібай ақсақалдың үш баласы бар. Оның бәрі де спорт­қа бейім. Кенже ұлы Қара­ман­ды 13 жасынан бастап өзі жат­тықтырады. Қараман – Қазақ­стан­ның ең­бек сіңірген спорт ше­бері, пау­эр­лиф­тингтен ха­лық­­аралық дә­ре­жедегі спорт ше­­бері. Ол да ха­лықаралық бай­­рақты бәс­ке­ле­лерде топ жарып жүр. Оған қо­са балаларды жат­тықтырады.

Үлкен ұлы Алмаз Оспанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жо­ға­ры санатты жат­тықтырушы. Ор­таңғы ұлы – Ма­­­нас Оспанов спорт ше­бері. Не­ме­ресі Айтас – пауэр­лиф­тинг­тен сайыс­тарға бір­неше мәр­­те қатыс­қан, спорт ше­бері нор­­мативін орын­да­ған бо­лашағы зор бала.

Дәрібай Оспанов мұнымен тоқтап қалмайтынын айтады. Ол аптасына бес рет жаттығады. Үш ұлы­мен халықаралық жарыс­тарда Қазақстанның намысын қор­ғауға белді бекем буған.

– Қазан айында Моң­ғо­лиядағы әлем біріншілігіне қа­тысуды жос­парлап отырмыз, ал маусым айында Үндістанға барамыз. Спорттағы ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы – үнемі дене шынықтырумен айналысу, жақсы қан айналымы үшін сыртта жүгіру қажет. Сонымен қатар алдымызға мақсат қойып, оларға қол жеткізуіміз керек. Ме­нің мақсатым – еңбек сі­ңірген спорт шебері атағын алу және бір­не­ше рет чемпион болу, – дейді спорт ардагері.

 

Қарағанды облысы