Хатайда жер сілкінісінен 95 сағат өткен соң көпқабатты үйдің қирандыларының астынан 7 жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар қызды ғимарат қирандыларының астынан тірідей алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жеткізілді.
Қирау орнында бригадалардың іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.