Ақтауда пәтерінің кілтін бала күтушісіне сеніп тапсырған үй иесі құнды дүниелерінен айырылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үй иесі өз арызында 2022 жылдың 5 желтоқсаны мен 5 қаңтар аралығында белгісіз тұлға оның үйінен алтын сырға мен білезіктер, сондай-ақ 2 800 АҚШ доллары мен 140 мың теңге қаржысын қолды еткені туралы жазған.
Осыдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелді анықтап, ұстаған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.