• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2023

Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды

800 рет
көрсетілді

Түркияда үйінділер астынан денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 ақпан күні таңғы 9-да екі адамның денесі табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екіншісі Қазақстан азаматы Әділ Қадырбеков екені анықталды. Оны марқұмның туыстары растады.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді», деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярованың аман-есен табылғанын хабарлаған едік.

Қазақстан құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.