• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2023

Жетісу облысында жел электр стансасы іске қосылды

588 рет
көрсетілді

Жетісу облысы Сарқан ауданында қуаты 50 МВт «Абай-2» жел электр стансасының іске қосылуының салтанатты рәсімі өтті. Аудандағы осы ірі инвестициялық жобаға 19 млрд теңгеден астам жеке қаржы инвестициясы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл аталған облыста жиынтық қуаты 23,5 МВт болатын тағы 3 ГЭС пайдалануға беріледі. Қазір өңірде жаңартылған энергия көздерінің 14 нысаны бар, олардың жалпы қуаты – 160 МВт.

Сарқан ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Лепсі ауылдық округіндегі жел электр стансасының кезең-кезеңімен жүргізілген құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған еді. Әсіресе нысанның орналасатын жеріне ерекше назар аударылды. Жазық алқап - желдің жылдық орташа жылдамдығы үшін таптырмас жер, сондықтан онда жыл бойы электр энергиясын өндіруге болады. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қараша айында толық аяқталған. Сол кезден бергі ЖЭС-те өндірілген электр қуаты 23,767 мың КВт/сағатқа жетті.

Жалпы «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС іске асырған жоба аясында  16 жел қондырғысы орнатылған. Жел мачтының биіктігі - 100 метр, қалақшасының көлемі – 70 метр. Әрбір құрылғы шамамен 3,2 МВт электр энергиясын өндіре алады. Жалпы қуаты – 50 МВт.

Атап өтсек, Сарқан ауданында «жасыл» энергетиканы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауданда іске қосу жоспарланған 5 су электр стансысының бүгінгі күні 3-еуі табысты жұмыс істеп тұр. Қалған 2-еуінің құрылысы биыл аяқталып, іске қосылады. Атап айтқанда, «Baskan Power» ЖШС-ның жалпы қуаты - 14,9 Мвт болатын, құны 11,7 млрд теңгелік, 24 жұмыс орны құрылатын Жоғарғы Басқан ГЭС-2 және 3 жобасы. Оған қоса Кербұлақ ауданында қуаты 8,6 МВт, құны 6,3 теңгелік Көктал ГЭС-1 жобасы да бар.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне қарағанда, 2021-2025 жылдар аралығында Жетісу облысында жалпы қуаттылығы 236,7МВт болатын 13 жаңартылған энергия көзі нысанын іске қосу жоспарланған. (ГЭС – 10, ЖЭС – 2, КЭС – 1). Соның 3-еуі бүгінгі күні пайдалануға берілген, тағы үшеуі биыл қолданысқа беріледі, жалпы қуаты 132,5 МВт қалған 7 нысан 2025 жылға дейін іске қосылуы тиіс.

Жалпы Жетісу облысының өзінде өндірілетін электр энергиясының көлемі 479,2 млн кВт/сағатты құраса, ондағы жаңартылған электр энергиясы көздерінің үлесі 340,6 млн кВт/сағат болып отыр.