10 ақпан аудандық ауруханаға 17 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды.
Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 24-бабына, 99-бабына сәйкес (Адам өлтіруге оқталу) жүргізіледі.