Түркияның Хатай қаласында жойқын жер сілкінісінен 150 сағаттан кейін қыз бала құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Twitter-де хабарлады.
Жер сілкінісінен қираған ғимараттардың қирандыларында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, аталған жұмыстарға қазақстандық құтқарушылар да жұмылдырылған.