• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2023

Қазақстан құтқарушылары Түркияда 53 адамның денесін үйінді астынан шығарды

425 рет
көрсетілді

Іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 53  адамның, оның ішінде 4 баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, қайтыс болған 8 адамның денесі шығарылды.  

Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Ғимараттың 2-қабатына дейін инженерлік техниканы пайдалана отырып, демонтаж жүргізілді, үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып отыр. Қайтыс болған 19 адамның денесі шығарылды.

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратқа жұмылдырылды. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан қайтыс болған 18 адамның денесі шығарылды.

«Қазақстанн ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді. Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап,  жедел және сауатты іс-қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді. Қайтыс болған 4 адамның денесі шығарылды. Зардап шеккен адамдарды іздеуге техникалық құралдар, ал үйінділерді бөлшектеуге инженерлік техника пайдаланды. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», деп жазылған хабарламада.