• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Ақпан, 2023

Александр Бублик қатарынан 10 рет жеңілді

200 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Александр Бублик (WTA рейтингінде 50-орын) Роттердамда (Нидерланды) өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бублик швейцариялық Стэн Вавринкамен (130-орын) кездесіп, екі сетте ұтылды - 6:7, 4:6.

Александр Бублик үшін бұл жеңіліс қатарынан оныншы жеңіліс болды. Биыл Қазақстанның үздік теннисшісі әлі жеңіске жеткен жоқ. Ол соңғы рет 2022 жылы 27 қазанда Базельде (Швейцария) өткен турнирде 1/8 финалда испаниялық Альберт Рамос-Виноласты жеңген - 6 :3, 6:3.