• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2023

Үкімет басшысы мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

244 рет
көрсетілді

Әлихан Смайылов жуырда Петропавлдағы мектеп қабырғасында болған оқыс оқиғаға халық алаңдаулы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де балаларға қауіп төнетінін көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Мектептерде бейнекамералардың санын көбейтіп, кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қолға алу керек», деді Премьер-министр.

Осыған байланысты Үкімет басшысы:

Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді; Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды; Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.