• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2023

ШҚО-да бір күнде 47 қар көшкіні болды

356 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Самар тасжолының бойында бір күнде 47 қар көшкіні тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жиі болатын үш учаске бар. Олар Өскемен-Тарғын-Самар және Өскемен-Тулы Үлбі-Северное тасжолдарының бойында орналасқан.

«Биыл көшкін жиі жүрді. Мәселен Өскемен-Самар жолында бір күнде түрлі көлемде 47 көшкін түскені болды. Дегенмен барлық қауіпті аймақтар бақылауда. Көшкіннің алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр», деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.