• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Ақпан, 2023

Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Алматыға барды

329 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде алдағы егіс жұмыстары, сондай-ақ АӨК-нің дамуы туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Қарашөкеев «Кен-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға былтырғы жылдағыдай 140 млрд теңге қарастырылғанын,  сондай-ақ 3200-ден астам тауар өндірушілерді қамтуды және 2 млн гектарға егіс пен егін жинауды қамтамасыз етуді көздеп отырғанын атап өтті.  Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады. Еліміздің фермерлері нарықтық бағадан 15% төмен бағамен төмен, жалпы көлемі 413 мың тонна  жеңілдетілген дизель отынын ала алатынын айтты.

«СҚО-ның әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК-те инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша тәжірибесі қатар таратылатын болады. Алматы облысы бойынша пулға құны 36,8 млрд теңге болатын 13 жоба енгізілді. Бұл сүт фермалары, құс фабрикасы және суару жобалары. АШМ басшысы АӨК субсидиялау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы еске салды, оның шеңберінде тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық шағын түрі жойылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары өзгеріссіз қалады. Қазір субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы мемлекеттік органдарда келісілуден өтіп жатыр және жақын арада бекітілетін болады», деді ол.

Сондай-ақ жер қатынастарын реттеу бойынша атқарылған істерді атап өтті.

«Жер инспекциясының жұмысын күшейту есебінен 5,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде Алматы облысында 113,6 мың га бар. Бұл жерлер ауылдық елді мекендердегі мал жаю қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайта бөлінеді», деді министр.