Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі тағы екі матч ойналды.
Осы турнирдің 2021 жылғы жеңімпазы «Челси» (Англия) 1/8 финалдағы алғашқы кездесуін сырт алаңда «Боруссия Д» (Германия) командасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың есебін бірінші болып қонақтар ашқанымен, бас төреші Тьяго Сильваның голын есептемей тастады. Ал екінші таймда «Боруссия» сапынан мергендік танытқан 21 жастағы шабуылшы Кәрім Адейеми командасына жеңіс сыйлады.
Ал қатар өткен екінші матчта Португалияның «Бенфикасы» Бельгияда жергілікті «Брюгге» клубын еш қиындықсыз тізе бүктірді – 2:0. Ойынның 51-минутында Жоау Мариу 11 метрлік айып добын сәтті орындаса, матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Давид Нерес есепті 2:0-ге жеткізді. Қарымта матчтар 8 наурызға жоспарланған.