• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Ақпан, 2023

Оңалту құралдары паркі ашылады

259 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев ел өңірлерінде мүге­дектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдары парктерін ашу мәселелерін талқылады.

Кеңеске Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төр­аға­сының орынбасары Анархан Дүйсенова, «Қамқорлық қоры» корпо­ративтік қоры директорының орынбасары Гүлмира Әбілдинова қатысты.

Келіссөздер барысында Тамара Дүйсенова мүгедектігі бар балаларға оңалту құралдарының заманауи және күрделі түрлерін уақытша пайдалану мүмкіндігін беру үшін техникалық оңалту құралдары парктерін ашудың маңызын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 104,3 мың мүгедектігі бар бала тұрады. Оның ішінде 7 жасқа дейінгі 33,7 мың бала, бірінші топтағы мүгеде­ктігі бар 11,1 мың бала және 7 жастан 18 жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар 22,7 мың бала бар. Бұл балаларға 27 меди­циналық-әлеуметтік мекемеде оңалту қызметтері ұсы­нылады. ОТҚ парктерін құру оңалту құралда­рының заманауи, қымбат түрлеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоры ОТҚ парктерін жарақтандыру үшін қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Талқылау нәтижесінде тараптар 2023 жылы аталған парктерді құру бойынша қанатқақты жобаны іске асыру қажеттігі туралы шешім қабылдады. Жобаны пысықтау үшін бірлескен жұмыс тобы құ­рылып, тиісті ведомство егжей-тегжейлі жол картасы мен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді. Жақын арада қанатқақты жобаның операторын анықтау және қолайлы алаңдар құрылатын өңірлерді нақтылау жоспарланып отыр. Аталған жоба аясында ОТҚ қажеттіліктерін бағалау және дұрыс іріктеуді жүргізу бойынша жұмыс істейтін мамандарды қазіргі заманғы халықаралық қағидаттармен оқыту ұйымдастырылады.