• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Ақпан, 2023

Фермерлік жылыжайларға арналған жаңа стандарт әзірленеді

431 рет
көрсетілді

Бүгін «ҚазСтандарт» алаңында «Жылыжай. Техникалық шарттар» ұлттық стандартын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Стандарт фермерлік үлгідегі жылыжайларға стандартталған талаптарды белгілеу мақсатында №12 «Жылыжай кешенін салу және кеңейту» жобасының паспорты бойынша «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісіндегі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығын іске асыру үшін әзірленеді.

Отырысқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан жылыжайлары мен фермерлер қауымдастығының, жылыжай технологияларының өкілдері, сондай-ақ республиканың ірі заманауи жылыжайларының басшылары қатысты.

Кеңес барысында жұмыс тобының қатысушылары республиканың жылыжай саласындағы қазіргі ахуалын талқылады, өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар ұғымдарын, сондай-ақ 500-1000 м2 дейін аудандағы фермерлік жылыжайларға, жылыжай кешендерін жабу материалы мен жарақтандыруға қойылатын талаптарды нақтылады.

Жұмыс тобының қатысушыларынан жылыжай шаруашылықтарының жүйесі дамыған көрші елдердің тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ саланың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жылыжайларға арналған стандартты әзірлеу мақсатында Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан жылыжайларға бару жөнінде ұсыныстар түсті.