18 ақпанда Петропавл қаласындағы Батыр Баян көшесінде ВАЗ-21074 және BMW автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кейін ВАЗ көлігі жарық бағанына соғылғаннан.
«Апат салдарынан 64 жастағы жүргізуші мен 60 жастағы ВАЗ жолаушысы зардап шекті. Зардап шеккендер қаланың медициналық мекемелеріне жеткізіліп, екеуі де ауруханаға жатқызылды», делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.