• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Ақпан, 2023

Қазақстанда такси қызметтері қымбаттаған

322 рет
көрсетілді

Қазақстанда такси қызметтері бір жылда 12%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz  Energyprom сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе Атырау облысының тұрғындары такси бағасының өскенін қатты сезінді, баға бір жылда бірден 37,5%-ға көтерілді. Жетісу және Абай облыстары да антилидерлердің қатарына кірді: тиісінше 33% және 31,2%-ды құрады.

Ең төменгі жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: небәрі 0,5%. Тағы үш облыста — Қарағанды, Түркістан және Ұлытау — бағалары бір жыл бұрынғыдай өзгеріссіз қалған.

Numbeo мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша, стандартты тариф аясында 1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Египетте (0 0,16 АҚШ доллары), Пәкістан (0 0,19 АҚШ доллары) және Беларусьте (0 0,2 АҚШ доллары) тіркелді.

ТМД елдерінің ішінде «арзан такси»  ондығына Армения мен Өзбекстан, (0,26 АҚШ доллары), Украина, Молдова және Ресей (0,27 АҚШ доллары) кірді. Қазақстан (0,44 АҚШ доллары) мен Әзербайжанда (0,59 АҚШ доллары) такси қызметтері ол мемлекеттерге қарағанда  қымбатырақ.

Ең жоғары баға Швейцарияда (4 4,25 АҚШ доллар), Кувейт (3 3,27 АҚШ доллары) және Ямайкада (3 3,26 АҚШ доллар) тіркелді.