• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Күрес 20 Ақпан, 2023

Александриядағы балуандар белдесуі

238 рет
көрсетілді

23-26 ақпан аралығында Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен 1928 жылғы Олимпия ойындарының чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIV халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Бұл – биылғы Халықаралық күрес федерациясының (UWW) күнтізбесіндегі рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын екінші ірі турнир. Алғашқысы ақпанның басында Хорватияның бас шаһары Загребте өткен болатын. Қазақстан құрамасының балуандары бұл уақытта Алматыдағы спартакиадаға дайындалып жат­қандықтан, Хорватия астанасындағы жарысқа қатысқан жоқ.

Биыл 34-ші мәрте өткелі тұр­ған Александриядағы дүбірлі до­дада төрт құрлықтағы 48 ел­дің ең мықты деген 466 балуаны бас жүлде үшін белдеседі. Атап айтқанда, еркін күрестен – 184, грек-рим күресінен – 149, әйелдер күресінен 133 спортшы түрлі-түсті медальдарды сарапқа са­лады. Олардың қатарында Қа­зақстан ұлттық құрамасының балуандары да бар.

Спортты дамыту дирек­ция­­сының мәліметі бойынша Мы­сырдағы байрақты додада ел намысын жуырда ғана Ала­тау баурайында мәресіне жет­кен спартакиадада үздік шық­қан балуандар қорғамақ. Мә­селен, әйелдер күресінен 55 ки­ло­дағы жарыс жеңімпазы Ма­рина Седнева, 59 килода үз­дік шыққан Диана Каюмова, 62 кило салмақ дәрежесіндегі же­ңімпаз Ирина Кузнецова, 68 ки­лода жуырда ғана үлкен спорт­қа оралып, спартакиадада топ жарған 2008 жылғы Бейжің Олим­пиадасының қола медаль иегері, әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері, 2010 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, құр­лық біріншілігінде бес рет (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіс тұ­ғырына көтерілген Елена Ша­лыгина, 76 килода Рио Олим­пиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Эль­мира Сыздықова және Азия чемпионатының төрт мәрте қола жүлдегері Гүлмарал Еркебаева белдеседі.

Еркін күрестен – Рахат Қал­жан, Абзал Өкенов, Ерасыл Мұх­­тарұлы (57 кг), Нұрболат Әб­дуа­лиев, Владимир Кудрин (61 кг), Санжар Мұхтар, Ілияс Аман­жолов, Тимур Айтқұлов (65 кг), Досжан Әсетов, Азамат Ша­ғап­ұлы (70 кг), Дархан Есен­ғали, Нұрлан Бекжанов, Қанат Мұсабеков (74 кг), Болат Сақаев (79 кг), Исламбек Ілиясов (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг), Бекзат Үркімбай, Серік Бақытханов (97 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг), Юсуп Батырмырзаев (125 кг) сын­­ды балуандар ел намысын қор­­ғайды.

Ал грек-рим күресінен ұлттық құрама жаттықтырушылары Аман­ғали Бекболатов, Марлан Мұ­қашев, Исхар Құрбаев (55 кг), Ер­нар Фидахметов, Нұрсұлтан Базарбаев, Дастан Зарлыханов (60 кг), Мамырбек Мұхамедәли, Ма­дияр Малтекбаев (63 кг), Сұл­тан Әсетұлы, Дінмұхамед Қош­қар, Мерей Бекенов (67 кг), Ибрагим Магомадов, Ерасыл Нұрбосынов, Данияр Қаленов (72 кг), Қаһарман Қисыметов, Демеу Жадыраев, Азат Садықов (77 кг), Қален Диас, Шамиль Ба­тыров (82 кг), Бауыржан Мусин, Нұрсұлтан Тұрсынов, Мақсат Сайлау (87 кг), Олжас Сырлыбай, Ерұлан Ысқақов, Ислам Умаев (97 кг), Антон Савенко, Мансұр Ша­дукаев, Әлімхан Сыздықов (130 кг) сияқты жас және тәжі­рибелі балуандарға сенім артып отыр.

Жалпы, Ибраһим Мұстафаны еске түсіруге арналған турнирде бозкілем шеберлері барын салып, ұпай қорын барынша мо­лайтуға тырысады. Өйткені Мы­сырдағы додадан соң әр сал­мақтың рейтингінде жоғары тұрған алғашқы 4 балуан өз құр­­­лығындағы (Азия, Еуропа, Афри­ка, Панамерика мен Тынық мұ­хиты аймағы) чемпионатқа жолдама алады. Осы ретте был­тырғы әлем чемпионатының 6 жүл­дегері Александриядағы тур­нирдің қатысушылар тізімінде бар екенін атап өтуге болады.

Халықаралық күрес федерациясы (UWW) 2023 жылғы 4 рейтингтік турнирінің жүл­дегерлеріне 390 000 швейцар фран­кін жұмсамақ. Яғни әр жа­рыстың алтын тұғырынан көрін­ген балуанға 1500 швейцар франкі көлемінде қаржылай сыйақы бе­рілсе, күміс жүлдегерлер – 750, қола жүлдегерлер 500 франк сый­ақыға қол жеткізеді.

Бұдан бөлек, UWW жылдың үздік балуанына тағы 150 000 швейцар франкін береді. Сый­ақы 30 балуанға (күрестің үш түрінен 10 салмақта) барлық халықаралық жарыс аяқталған соң табысталады. Үздіктер ере­­сектер арасындағы әлем чем­пионаты, құрлық чемпиона­ты мен 4 рейтингтік турнирде жи­наған ұпайы бойынша анық­талады.

Былтыр әйелдер күресінен екі дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының екі мәрте күміс жүлдегері атанған Жәмила Бақбергенова Халықаралық кү­рес федерациясы (UWW) бекіт­кен барлық салмақтағы әлем рей­­тингінде (72 килоға дейінгі сал­мақта) көш бастап, жылды өз салмағының көшбасшысы ре­тінде аяқтады. Осы жетістігінің ар­қасында отандасымыз UWW тарапынан қаржылай сыйақыға ие болған еді.