• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2023

Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

267 рет
көрсетілді

Ақтөбе, Қарағанды ​​және Қостанай облыстарындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында «Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай» тасжолының Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург - Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында «Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.