• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 21 Ақпан, 2023

Омбыда опық жеді

247 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті тур ойынын Омбыда жергілікті «Авангардпен» өткізді.

Өткен турда ғана Бейжіңнің «Куньлунь Ред Стар» командасын овертаймда тізе бүктіріп, жанкүйерлердің қошеметіне бөлен­ген «Барыс» ойыншылары бұл жолы «Аван­гардтың» осал тұсын таба алмады. Омбыдағы 12 мың жанкүйерге арналған «G-Drive Арена» спорт кешенінде өткен бәсе­кеде айдын иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің есебін «Авангард» сапынан 3-минутта Алексей Береглазов ашса, екін­ші кезеңде Иван Телегин (32-минут) мен Ар­сений Грицюк (39) мұзайдынға жиналған жан­күйерлерді бір желпінтіп тастады. Ал үшінші 20 минуттықта Алекс Бродхёрст (44) айдын иелерінің төртінші шайбасын соғып, ойынның нүктесін қойды. Жерлестерімізден Антон Сагадеев дубль авторы атанса, матч аяқталар тұста Кирилл Савицкий дәлдік танытты.

Жерлестеріміз келесі ойынын бүгін Ново­сибирьде жергілікті «Сибирь» клубымен өткі­зеді.