• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты

458 рет
көрсетілді

Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 310-ға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кейінгі мәліметтерге сай, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адияман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазиг провинцияларындағы жер сілкінісі салдарынан 42 310 азамат қаза тапты. 448 мың адам апат аймағынан шығарылды.   Anadolu агенттігінің хабарлауынша, қазір апат аймағына AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар халықаралық құрылымдар өкілдерін қосқанда 14 740 іздеу-құтқару қызметкері жұмылдырылған. Жалпы жер сілкінісі болған аймақтарда 242 392 адам, оның ішінде полиция, жедел жәрдем және тағы басқалары жүр.    Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Ол көршілес жатқан елдерге де сезілді.   Ал 20 ақпанда Сириямен шекарадағы елде 6,4 балдық жаңа жерасты дүмпулері тіркелді. Зілзала сондай-ақ Египетте, Израильде, Кипрде, Ливанда, Сирияда байқалды.