• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Ақпан, 2023

Ақпарат министрі Данияр Молдабековтің оқиғасына байланысты пікір білдірді

350 рет
көрсетілді

Бүгін журналист Данияр Молдабеков өзінің әлеуметтік парақшасында белгісіз біреу оны ұрып кеткені туралы жазды. Дархан Қыдырәлі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«20 минут бұрын ғана үйімнің кіреберісінде бетіне бетперде таққан біреу мені ұрып кетті», деп жазды журналист.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бұл оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Әріптесіміз Данияр Молдабековтің бәймәлім кісілер тарапынан соққыға жығылғаны жөнінде жазған постын оқыдым. Бұл оқиғаны айыптаймыз және тиісті құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, кінәлілер тез табылады деп сенеміз. Өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз», деп жазды министр Facebook желісінде.