• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Ақпан, 2023

Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнай жөнелтеді - Ақшолақов

252 рет
көрсетілді

Ертең қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, 20 мың тонна мұнай «Дружба» құбыры арқылы жөнелтіледі.

«Кеше тиісті процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Синоптиктердің болжамы бойынша бейсенбі сағат 16:00-де ауа райы қалпына келеді, бұл танкерлерге акваторияға кіруге және жүкті тиеп бастауға мүмкіндік береді», деді Ақшолақов.