Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанда жоғары лауазымдарға тағайындалған шенеуніктер қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін ел Президенті жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған қорытындыны талап ету қажет екенін мәлімдеген еді.
«Осы тапсырманы орындау мақсатында Президент Әкімшілігінің лауазымдарға тағайындалатын кандидаттарға қатысты жазбаша сұрауы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданыстағы құзыретіне сәйкес тиісті жауап береді. Хаттамада оларды қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауапкершілікке тарту, теріс себептер бойынша жұмыстан босату, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасау деректері көрсетіледі», деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.