• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 24 Ақпан, 2023

«Канело» қазақ боксшыларын жаттықтырды

533 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшыларға әдіс-тәсіл үйретті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канело» жеңіліп көрмеген қазақстандықтар Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұлға бірнеше әдісті көрсеткен.

Сондай-ақ мексикалық боксшы қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.

«Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Сіздерді құшақтадым. Достарыңыз - «Канело»,  деді Альварес Suleimen Promotions Instagram-парақшасына жарияланған видеода.